Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Минус 15 градусқа дейін аяз: Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазгидромет елдің батысы мен солтүстігінде жауын-шашын болады деп хабарлайды. 

"Скандинав аудандарынан келетін циклон, республиканың батыс және солтүстік өңірлеріне ауысады. Ал оңтүстік және орталық аудандар оңтүстік циклон ықпалында қалады. Ол жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын алып келеді", - делінген ақпаратта.

Елдің солтүстігі мен батысында оған қоса боран, оңтүстігінде жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.

28 наурызда елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша жел күшейеді.

Солтүстіктетүнгі температура 5...15 аязға дейін, күндіз 5 градус аяз...3 градус жылыға дейін болады.

Оңтүстіктетүнде 6 градус аяз...5 градус жылы аралығында, күндіз 12...17-ден плюс 5...10 дейін төмендейді.

Батыста: түнде 5 аяз...5 жылы, күндіз термометр бағаны 0...10 градус жылыны көрсетеді.

Айнұр Мұхади
Жұма, 25 Наурыз, 2022 12:16
Талқылау