Минус 15 градусқа дейін аяз: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК-сы 15-17 қаңтар аралығындағы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Республиканың көп бөлігінің ауа райына, Баренц теңізі аудандарынан келетін циклон әсер етеді.
Соның салдарынан кей өңірлерде жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ болады, желдің күші секундына 15-28 метрге жетеді.
Сондай-ақ еліміздің батысы, солтүстігі, оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді.
17 қаңтарға жақын, түнде батыста 5-13 градус аяз, солтүстік өңірлерде 5-15 градус аяз болады. Ал елдің оңтүстігінде 5 аяз — 5 жылу болады деп болжануда.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”