Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік университетке ақылы негізде түсетіндер үшін ҰБТ-ны алып тастауды ұсынды

“Ақ жол” партиясының ақылы негізде оқуға түсетіндер үшін ҰБТ-ның күшін жою туралы ұсынысын ҚР білім және ғылым министрлігі талқыға салды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

“Ақ жол” өкілдері еліміздегі грант үлестіру жүйесінің талапқа сай еместігін айтады. Оның үстіне Ресей, Чехия, Қытай басқа да елдердің оқу орындары тегін білім алуды ұсынып отыр. Көптеген жас мамандар Қазақстанға оралып та жатқан жоқ.

“Ресей, Қытай секілді елдер өздерінің жоғары білімді халқын көбейтуді басты мақсат етіп отыр. Біз де солай етуіміз керек. Ол үшін қол жетімді жоғары білім аясын кеңейту қажет”, – дейді қоғамдық кеңес басшысы Ырсалиев.

Осы ретте қоғамдық кеңес ЖОО-ға ақылы негізде түсетіндер үшін ҰБТ-ны алып тастауды және аталмыш жүйені мемлекеттік білім грантын алу үшін конкурстық іріктеу ретінде қалдыруды ұсынады. Сонымен қатар, кеңес қазақстандық жастардың шетелдегі жоғары білім бағдарламасын игеру үшін, Қазақстанды шетелдік университеттердің кампустарын салуды да ұсынып отыр.

Оқи отырыңыз:

Алматыда шіріп жатқан қарияға жедел жәрдем көмектеспей кетіп қалған

Ақыларынан желінген сарыағаштық спортшылар қайыр сұрап жүр

Түркияда жол апатына түсіп, төсек тартқан қазақстандықтар елге жете алмай отыр

Кореяда ота жасатып, Шардараға оралған Мәдина бүгінгі жағдайы туралы айтты

Талқылау