Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік Талдықорған балабақшасында көз жұмған бүлдіршінге қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті Талдықорған балабақшасында менингит ауруынан көз жұмған бүлдіршінге қатысты мәлімдеме жасады.

умер ребенов в детсаде

Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті мамандарының мәліметіне сүйенсек, Талдықорған қаласындағы №1 балабақшада менингит ауруының таралып кеткеніне қатысты ақпарат расталған жоқ. Комитет мамандары барлық қажетті зертханалық-эпидемияға қарсы шараларды жүргізіп, бірде бір балабақша қызметкерінен және тәрбиеленушісінен аурудың белгілерін таппады. Яғни, көз жұмған бала ауруды сырттан жұқтырған», – делінген мәліметте.

Ведомстводағалырдың хабарлауынша, бүлдіршінмен байланысқа түскен жандардың барлығы жедел түрде дәрігердің қарауында болып, көпшілік ортадан шеттетілген. Сол уақытта балабақшада болмаған бүлдіршіндер де аймақтық дәрігерлердің бақылауына алынған.

«30 маусым күні ауруханаға түскен екінші балаға келсек, анализ нәтижесі ол бүлдіршіннен менингит белгілерін таппады. Қазіргі уақытта бала дәрігерлердің бақылауында ем алуда», – деп хабарлады министрліктегілер.

Еске сала кетейік, 29 маусым күні Талдықорғандағы облыстық ауруханаға 4 жасар бүлдіршін түсіп қалды. Менингит диагнозы анықталған бүлдіршін сол күні көз жұмды.

Жіберіп алмаңыз:

Жамбыл облысында 5 баланың анасы кене шаққанын білмей көз жұмды

Дәрігерлердің салғырттығынан бір көзі соқыр болып қалған үшемнің сыңары көре бастады

Шымкенттік оқушы қыз рак клеткаларын жойып жіберетін дәрі жасап шықты

Қызылорда тұрғыны ұлу өсіріп, пайдаға кенеліп отыр

Талқылау