Министрлік "Nickelodeon" мен "Disney" арнасының туындыларын қазақ тіліне аударуды ұсынды
Қазақстан Республикасының ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі «Nickelodeon» мен «Disney» арнасының туындыларын қазақ тіліне аударуды ұсынады.
Бұл туралы ҚР ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева Қазақстан Республикасы парламентінің сенатында өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Ұлттың тілі туралы бөлек айту керек. Бұл елбасының Ассамблеяның жуырдағы отырысында ерекше атап өткен мәселе. «Тіл тағдыры - ұлт тағдыры». Сондықтан ұлттық дүниетанымды өзіндік ерекшеліктерімен насихаттау үшін, ең алдымен, ұлттың өз тілін дамыту керек. Біз ертең қоғамның қозғаушы күші болатын бүгінгі жас ұрпаққа мемлекеттік тілді оқытудың басты міндеті деп санаймыз. Ойлап қарасаңыз, бұл жаһандану дәуіріндегі ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты шарты», - деді Балаева.
Министр бүгінде бірінші кезекте мультфильмдер мен балалар әдебиеті балаларға тіл үйретудің құралы ретінде қызмет ететінін атап өтті.
Осыны ескере отырып, министрлік «Nickelodeon», «Disney», «TiJi» телеарналарының өнімдерін, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі балалар әдебиетін, оның ішінде «Әлемнің қысқаша тарихын», «Алиса ғажайыптар елінде» туындыларын қазақ тіліне аудару туралы бастама көтерді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
