Министрлік неліктен коронавирус пен пневмония статистикасын біріктірмегенін түсіндірді
Коронавирус және пневмония статистикасын біріктірудің жаңа шарттары туралы онлайн брифингте денсаулық сақтау министрлігінің өкілі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазір біз коронавирус оң нәтиже көрсеткен және теріс нәтиже көрсеткен науқастардың да статистикасын жариялап жатырмыз. Статистиканы біріктіру үшін біз ДДСҰ-ның келісім беруін күтеміз. Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың мәліметтерін дұрыс толтыруы үшін ақпараттық жүйелерді дайындаймыз", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова.
Журналистер ақпарат қашан дайын болады деп сұрады. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі статистика 1 тамызда біріктірілетінін айтқан. Бұл жүйелер әлі дайын емес екені белгілі болды.
"Шілденің ортасынан бастап біз екі апта бойы дәрігерлерді оқыту және компьютерлік жүйені жаңарту бойынша жұмыс жасадық, онда барлық ақпарат біріктірілген, 1 тамыздан бастап біз өз сөзімізді сақтап, күнделікті форматта ақпарат бере бастадық", - деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
Денсаулық сақтау министрлігі пневмония туралы статистикалық мәліметтерді жариялай бастады, бірақ деректер екі түрлі блокта шығарылады. Коронавирус үшін - бөлек, пневмония үшін - бөлек, бір бағанда емес.
Қожахметовтың айтуынша, статистика екі-үш аптадан кейін біріктірілетін болады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
