Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік: Мүгедектігі бар адамдар жеке көмекшілермен тікелей келісімшарт жасайды

Мүгедектердің өтініші бойынша оларды оңалту мәселелері туралы бұйрыққа өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мүгедек

Мүгедектігі бар адамдар жеке көмекшілермен тікелей келісімшарт жасайды және бұл ереже туыстарына да қолданылады. Осы және басқа да өзгерістер ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өтініші бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына енгізілді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің айтуынша, жеке қабылдау, конференция режиміндегі жиналыстар мен жазбаша өтініштер аясында мүгедектігі бар адамдар көбінесе жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға қатысты ескертулер мен ұсыныстар қалдырды.

2020 жылғы шілдеден бастап жеке көмекшілердің қызметтері Әлеуметтік қызметтер порталына ауысады, содан кейін мүгедектігі бар адаммен жеке көмекшінің арасында келісімшарт жасалады, ерекше қажеттіліктері бар адамның жақын туыстары да жеке көмекші бола алады.

Сонымен қатар, еліміздің барлық облыстарында көмекшілердің қызметтеріне сағатына ақы төлеудің бірыңғай мөлшері белгіленетін болады. Бұйрықта бұған дейін бұл мәселе реттелмеген болатын, сондықтан әртүрлі өңірлерде жеке көмекшілердің жалақыларында елеулі айырмашылық болды.

Сонымен қатар, жаңа редакцияда жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге қарсы көрсетімдерден АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдар санаты алынып тасталды. Бұл олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмеуге мүмкіндік береді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда бес жұлдызды all inclusive қонақ үйі ашылмақ

Орталық Азиядағы ең ірі қонақ үй Ақтауда салынып жатыр

Түркістан облысында кәсіпкер жалғызбасты анаға үй тұрғызып берді

Облыс бойынша 2 мыңға жуық отбасына жоба аясында жан-жақты қамқорлық жасалмақ

Қырғызстандық бойжеткен Италиядағы коронавирустың өршуіне байланысты дискриминация туралы айтып берді

Италияда оқып жүрген Айчурок Сейитбекова коронавирус індетіне байланысты Еуропада болып жатқан жағдайлар жайлы баяндады

Қарызы болғандықтан әскерге бармайды: Қазақстанда сарбаздардың несиесін уақытша тоқтату ұсынылды

Бүгінгі күні әскердегі сарбаздардың несиесін ата-анасының төлеуіне тура келеді

Дулат Ағаділ Нұр-Сұлтандағы түрмеде қайтыс болды

Жедел жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен Дулат Ағаділ қайтыс болды

«Арманым – балалар бір-бірімен араласса деймін»: Айқын Төлепберген екі әйелінен туған балаларының басын қосқысы келіп жүр

Біреулер «Басқа біреуге үйленгеннен кейін балалар бір-біріне алыс болады» деп айтады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары ауысты

Бұл лауазымға Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков ие болды

"Арыздарыңызды қайтарып алсаңыздар": "Гарант 24" ломбардының басшысы салымшыларға үндеу жариялады

Сөзінше, ол түрмеге қамалудан қорқып, елден қашып кеткен

Қордайдағы тәртіпсіздікке байланысты 120 қылмыстық іс қозғалды

Күдіктілер мен қамауда отырған адамдар бар

Түркістан облысында қару ұрланған сарбаздың ісі: Дивизия командирі ұсталды

Іске қатысы бар үш адам қамауға алынған
Çàãðóçêà...