Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік: Қазақстандықтардың барлығына вакцина тегін салынады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтардың барлығы вакцинаны тегін салғызады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

"Ақпан айында нарыққа 90 мыңға жуық доза жеткізіледі. Наурызда 150 мың өнім шығарылады. Келесі айларда 600 мың дозадан жеткізіледі. Сәуір-мамыр айларынан бастап халықтың кең ауқымына вакцинация қолжетімді болады. Сонымен қатар, қазақстандық вакцина бойынша зерттеулерді аяқтау және оны өндіру күтілуде, бұл да халықты вакцинациялаумен қамту көлемін ұлғайтады", - дейді Шоранов. 

Шорановтың сөзінше, қазіргі таңда вакцинамен қамтамасыз ету мәселелері реттеліп жатыр. Алдағы уақытта, вакцинаға мемлекет тарапынан қаражат бөлініп, халыққа тегін салынатын болады. 

"Бұл міндетті медициналық сақтандыру есебінен жүзеге асырылады. Яғни, вакцина тегін болады. Бұл кезеңде бүкіл ел бойынша вакцинация мемлекет қаражаты есебінен қаралады. Үкіметтің резервінен тиісті қаражат бөлінетін болады және бұл шығындар қазірдің өзінде қарастырылған. Бұл Қазақстанның барлық азаматтарына қатысты", - дейді Шоранов. 



 

Талқылау