Министрлік қазақстандық спортшыларға Азия ойындарында медаль алғаны үшін қанша сыйақы беретінін хабарлады
Туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларының алдағы жазғы Азия ойындарында медаль алғаны үшін қанша көлемде ақшалай сыйлық алатынын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Азия ойындарының чемпионы атанған спортшы 10 000 доллар көлемінде ақшалай сыйлық алады. Ал алтын жүлдегерді дайындаған бапкер – 5000 доллар.
Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5 мың доллар, бапкері 3 мың доллар алады.
Сондай-ақ қола жүлде иегері үшін 3000 доллар ақшалай сыйлық және оның жаттықтырушысы үшін 2000 доллар бонус бар.
Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. 29-шы рет ұйымдастырылып отырған жарыста 40-тан астам спорт түрінен медальдар сарапқа салынады. Құрлық біріншілігіне 45 мемлекет қатысады деп жоспарлануда.
"Азиадаға қатысатын ұлттық құрама жасақталып, еліміздің әр өңірінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Жақын күндері біздің спортшылар Қытайға аттанады", - деді Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.