Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік: Қазақстанға сырттан келгендерден коронавирус анықталған жоқ

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға әуе және көлік құралдарымен келетін жолаушылардың жағдайын қалай қадағалайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұшақ

"Министрлік қазіргі уақытта Қазақстанға көліктің әртүрлі түрімен келіп жатқан жолаушылар бойынша жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қазір Қазақстанға жолаушылар екі жолмен – автокөлікпен немесе ұшақпен келеді. 24 қыркүйекте біздің елге ұшақпен 2 127 адам келді. Оның 2008-і – әуе жолаушылары болса, 119-ы экипаж мүшелері. Аталған жолаушылардың ішінде 479 адамда ПТР-тест анықтамасы болды. Ешкім де ауруханаға жатқызылған жоқ. Себебі олардың ешбірінен коронавирус инфекциясы анықталмады", - деді орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Естеріңізге сала кетейік, бас санитарлық дәрігердің қолданыстағы қаулысына сәйкес, Қазақстанға теміржол, теңіз, өзен көлігіндегі бақылау-өткізу пункттері арқылы келетін адамдар термиялық бақылаудан, сауалнамадан өтеді және COVID-19 расталмаған тест нәтижелерін тапсыруы керек.

 

Талқылау