Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік елімізде бензин бағасының шарықтап кетуіне не себеп болғанын айтты

Жанармай құнының өсуін өткен аптада Ресейдің рублімен байланыстырған Энергетика министрлігі бүгін басқаша сылтау айтты.

40ebf7f91add0bc5f9307c7826f242a4

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың мәліметінше, соңғы 15 жылда елімізде көлік саны екі жарым есеге көбейген. Мәселен, 2001 жылы елімізде1 миллионнан астам авто тіркелсе, былтыр бұл көрсеткіш 4 миллионға жеткен. Соның салдарынан бензинге сұраныс та бірге өсті деген шенеунік, жанармай бағасының қымбаттауын көліктің көбеюінен көрді.

Қазіргі уақытта жанар-жағармайдың 30, дизель отынының 15 пайызын Ресейден тасымалдаймыз. Көрші елдің импортына тәуелді болғандықтан баға әлі де өсуі мүмкін. Өйткені, вице-министр Ресейде ең өтімді АИ-92 маркасының 190-200 теңгеден сатылып жатқанын айта кетті.

“АИ-92 бензинге сұраныстың жоғары болуына транзиттік көліктер себеп. Көрші елдерде жанармай бізден қымбат болғандықтан жүк көліктері біздің жанармай бекеттеріне тоқтайды”, – дейді ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов.

Сондай-ақ алдағы жылдан бастап жанармай бекеттерінде АИ-80 маркалы бензиндер сатылмайды. Шенеуніктер сапасы төмен бензин түрі тек тапсырыспен, әскерилер мен коммуналдық қызмет көліктеріне арнап шығарылады деп отыр.

Оқи отырыңыз:

Зейнетақы қорын басқару тағы өзгермекші

Сарапшылар: Биыл Қазақстанда доллар 300 теңгеге дейін құлдырайды

Елімізде ет бағасының неліктен қымбаттағаны белгілі болды

Бозымбаев бензиннің қымбаттау себебін айтты

Талқылау