Министрлік Roblox ойынының балаларға қауіп-қатері туралы ескертті
Фото: Видеодан скрин
Оқу-ағарту министрлігі балалар арасында кең тараған кейбір мобильді ойындардың соңында қаскүнемдер жасырынғанын айтты. Ведомство соңғы кездері Roblox ойыны арқылы сенімге кіріп, жасөспірімдерді алдайтын әрекеттер жиілегенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, қаскүнемдер алдымен баланың сеніміне кіріп, кейін әңгімені жабық чаттарға ауыстырады екен. Олар сол жерде кәмелетке толмағандарды қорқытып-үркітуге дейін баратын көрінеді.
Roblox арқылы жасалатын мұндай қылмыстар қазір бірнеше елде кеңінен етек жайған. Түркия мен Қатар бұл ойынға толықтай тыйым салған. Ал Оқу-ағарту министрлігі әзірге ата-аналарды сақ болуға шақырып отыр. Олар бала мінезіндегі тұйықтық, агрессия мен мазасыздықты елеусіз қалдырмауға кеңес беріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық ата-аналарға интернеттегі Roblox ойынына қатысты ескерту жасалғаны туралы жазған едік.
Талқылау

Қазақстандықтар шоколадтың күрт қымбаттағанына шағымданды: Неліктен тәттіге енді көбірек төлейміз
Соның ішінде ең көп қымбаттағандары: шоколад – 28%, глазурленген кәмпиттер – 13,9%

LRT құрылысы, ғарышты игеру мен спортты дамыту: Министрліктер алғашқы жартыжылдықта бюджет қаржысын қайда жұмсады
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекеттік бюджет қалай жұмсалғанын жаздық