Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік ауру белгілері бар адамдарға тест тапсыру үшін зертханаларға бармауға кеңес берді

Денсаулық сақтау министрлігі ауру белгілері бар адамдарға коронавирусқа тест тапсыру үшін зертханаларға бармауға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы медициналық көмек көрсететін науқастарға арналған кеңестерін ұсынады. Олар коронавирус белгілері барларға үй карантинін ұстаныңыздар деп кеңес берді. 

"Дүкен араламауды, көшеде және басқа қоғамдық орындарда серуендемеуді, қонақтарды қабылдамауды ұсынамыз. Егер клиникалық белгілер байқалса, зертханаға қан анализін алу үшін бармаңыз. Пандемия кезінде олар коронавирустық инфекцияның көрінісі ретінде қарастырылады, тест нәтижелеріне қарамастан, компьютерлік томография үшін медициналық ұйымдарға бармаңыз, өйткені өкпеде өзгерістер аурудың белгілі бір кезеңінде пайда болады", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ақылы тестілеуді тоқтатқаны туралы хабарланған болатын. Министрлік бұл шешім еліміздің бас дәрігерінің бұйрығы бойынша қабылданды деп түсіндіреді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Маусым, 2020 14:15
Талқылау