Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік "Air Astana" әуе компаниясына борттарды ауыстыру оқиғаларына байланысты бірқатар ескерту жасады

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев "Air Astana" әуе компаниясына жолаушыларға алдын ала ескертпестен қызмет көрсету сапасы тең емес Fly Arystan әуе ұшағына ауыстыру фактілерін азайтуды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кеңесте 2023 жылдың өткен кезеңінде "Air Astana" 31 588 рейс орындағаны айтылды. Оның  226 рейсінде "Air Astana" әуе кемелері Fly Arystan ұшағымен ауыстырылған. бұл орындалған рейстердің жалпы санының 0,7%-ын құрайды. Осы ссебептен отырыс қорытындысы бойынша "Air Astana" әуе компаниясына мынадай тапсырмалар берілді:

1) "Air Astana" әуе кемелерін Fly Arystan әуе кемелеріне ауыстыру тәжірибесін барынша азайту бойынша шаралар қабылдау;

2) әуе кемелерін ауыстыру кезінде жолаушыларды алдын ала хабардар ету;

3) борт ауыстырылған жағдайда жолаушыларға өтемақы төлеу тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлейді;

4) "Эйр Астана" резервтік әуе кемелерінің санын 1-ден 2-ге дейін ұлғайту бойынша шаралар қабылдасын.

Көлік министрлігі өз кезегінде рейс мәртебесі өзгерген кезде жолаушылардың құқықтарының сақталуын бақылайтынын, ал құқық бұзушылықтар орын алса, әкімшілік шаралар қабылдайтынын алға тартты.

Талқылау