Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрдің ағасы Нұрымбетовты қамауға алу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылды

Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бұрынғы басшысы Тимуржан Нұрымбетовтің қамауға алу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тимуржан Нұрымбетовке қатысты іс ҚР қылмыстық кодексінің 366-бабы «Бірнеше рет пара алу» және 128-бабы «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе басқа мүлікті жария ету»  бабы бойынша сотқа жіберілді.

Нұрымбетовтен басқа бұл іске тағы 5 адам тартылған.

"Тараз қаласының №2 сотының судьясы Н.Дауылбаев қылмыстық істің материалдарын зерделей келе: Нурымбетов Тимуржан Бидайбекұлы, Романова Нұрзипа Молшылықовна, Сарымсақов Ғалымжан Тұрдашевич, Өтеулина Аида Асқарқызына тағылған айыпты өзгертуге немесе жоюға негіз жоқ", - делінген сот қаулысында.

Тимуржан Нұрымбетовтің үйде қамауға алынуы 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Қылмыстық іс бойынша негізгі сот талқылауы 2020 жылдың 30 шілдесінде сағат 16:00-де сот залында ашық түрдегі сот отырысында жоспарланған.

Тимуржан Нұрымбетов - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің ағасы.

Талқылау