Министр менингит өршіп тұрған шақта студенттерге оразадан бас тартуға кеңес берді

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі менингикокк инфекциясы өршіп тұрған шақта студенттерді оразадан бас тарта тұруға шақырды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Министр студенттерге менингит өршіп тұрған шақта оразадан бас тартуға кеңес берді

© Sputnik / Владимир Федоренко

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың хабарлауынша, бүгінде ел бойынша 55 жағдай тіркелген. Бәрінен бұрын менингит Алматыда өршіп тұр. Мұнда вирусты жұқтырды деген күдікпен 31 адам тіркелсе, Ақмола облысында – екі, Ақтөбеде – үш, Алматы облысында – үш, ШҚО-да – төрт, Жамбылда – бір, Қарағандыда – бір, Павлодарда – екі, ШҚО-да – төрт, Астанада – төрт жағдай тіркелді.

“Ауа-райы әлі бірқалыпқа түскен жоқ. Сондықтан бұл сандар әлі де өзгеруі мүмкін”, – деп атап өтті Біртанов.

Министр инфекцияға қарсы күрес үшін жоспар құрып қойғанын атап өтті.

“Қазір адамдар көп жиналатын жерлерді қарап жатырмыз. Емтихан уақытында жоғары оқу орындары мен мешіттерді тексерудеміз. Мешіттерден ауаны жиі тазартып тұруын сұрап жатырмыз. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан студенттермен жұмыс істеуді өтіндік. Менингит өршіп тұрған шақта студенттер оразаны бұза тұрсын деп сұрадық. Себебі ораза кезінде ағза мен иммунитетте өзгеріс болады. Өкінішке қарай, әркез жақсы жағына өзгермейді”, – деп атап өтті министр.

“Біз ҚМДБ-дан студенттермен сөйлесуді өтіндік. Менингит өршіп тұрған шақта оразаны бұза тұрсын дедік. Себебі емтихан уақыты – ол маңызды себеп. Мысалы, ораза кезі саяхаттауға да қолайсыз деп табылады. Адам ағзасы әлсіз боп келеді. Оған инфекция тез жұғуы мүмкін”, – деп түсіндірді Біртанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр