Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Сағынтаевтан бюджет қаржысын игермеген лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды сұрады

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов премьер-министрден бюджет қаржысын игермеген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қарастыруды сұрады.

Фото:Kapital.kz

“Қаржы жылының соңына дейін 10 желтоқсандағы жағдай бойынша 614 миллиард теңге сомасында төлемдер жүргізілуі керек. Біздің болжамымыз бойынша республикалық бюджет шығыстарының орындалуы жыл қорытындысы бойынша 99,8% шегінде күтіледі, деп хабарлайды Sputnik.

Бірақ жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша игерілмеу сомасы 10,3 миллиард теңгені құрайды. Бюджет заңнамасы бойынша осы соманың 0,8 миллиард теңгесі келесі жылға көшіріледі”, — деп баяндады қаржы министрі үкімет отырысында.

Сұлтановтың айтуынша, жақында ғана республикалық бюджет нақтыланды, сол кезде барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жыл соңында игерілмей қалу қаупі бар шығыстарды оңтайландыру мүмкіндігі болды.

“Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың барлық өтінімдерін барынша ескерді. Сондықтан, Бахытжан Әбдірұлы, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қарауды ұсынамын”, — деді министр.

Үкімет басшысы қаражат ең көп игерілмеген мемлекеттік органдардың жетекшілерін тыңдап, уақыт аз қалғанын ескертті.

“Қаржылық жыл жиырмасыншы желтоқсанда аяқталады.  Алда төрт күн демалыс, сонда екі-үш жұмыс күні ғана қалды.  Өңірлерден баяндама жасаған әріптестер, министрліктердің жетекшілері жиырмасынан кейін төлем болады деп отырсыздар. Ештеңе де үлгермейсіздер. Қаржы министрлігімен жұмыс істеңдер, жиырмасы “қақпа” жабылады”, — деді Сағынтаев.

Үкімет басшысы орынбасары Ерболат Досаевқа бюджет қаржысын игермеу мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

Тағы да оқыңыз:

Ресей СІМ Иманғали Тасмағамбетовті марапаттады

Президент жаңа тағайындауларға қатысты пікір білдірді

Елімізде бірнеше лауазымды қызмет басшылары ауысты

Талқылау