Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда министр пара алса, кім жазаланады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов министр жемқорлық жасаса оған кәм жауап беретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мұндай жағдайда министр қылмыстық жауапкершілікке тартылса, отставка туралы мәселе заңмен қарастырылмаған", - деп жауап берді Бектенов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда саяси мемлекеттік қызметшілер және министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері мен әкімдерінің орынбасарлары, аудандардың әкімдері өздерінің тікелей қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, отставкаға кетуге міндетті.

Бірінші басшы сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін немесе қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде жұмыстан кетуге міндетті.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 21 Желтоқсан, 2020 20:47
Талқылау