Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр мектеп оқушылары арасындағы бұзақылық пен өлім фактілеріне байланысты мәлімдеме жасады

Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев елімізде мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылық пен өлім-жітім оқиғаларының көбеюі туралы пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысындағы 2-сынып оқушының өлімі: Іс жазатайым оқиға ретінде тіркелді

Министр өзінің Facebook парақшасында зорлық-зомбылық фактілері мектеп жасындағы жасөспірімдер арасында жиілеп кеткенін атап өтті.

“Соңғы жылдары мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылық, әлімжеттік көбейген.Түркістан, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында орын алған оқиға ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Алматы облысында соңғы рет екі бала қайтыс болды. Мен қайғылы оқиға болған отбасына шын жүректен көңіл айтамын",- деді министр. 

Бейсембаев әлімжеттікке жол беруге болмайтынын алға тартты. Ол үшін қоғам болып жұмылдыруымыз керек екенін жеткізді. 

"Тәрбие жұмысы мен ата-аналар қауымымен өзара іс-қимылды күшейту жөнінде тапсырма бердім. Біз Ішкі істер министрімен және әкімдікпен байланыстамыз. Құқық қорғау органдары оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, комиссия жұмыс істеуде",- деп қосты ол.

Талқылау