Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр қытайлықтарға қанша қазақ қызының тұрмысқа шыққанын жариялады

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында қытай азаматтарымен некелескен қазақ қыздарының санын жариялады.

2119

Фото: esquire.kz

Статистика комитетінің нақты ресми мәліметтерін тапқан министр, оны желідегі оқырмандарымен бөлісуді жөн деп тауыпты.

“Қарап отырсақ, 2010 жылдан бастап 2016 жылғы сәуір айына дейін ҚХР азаматтарына 253 қазақстандық тұрмысқа шыққан көрінеді. Соның ішінде, 190 қазақ қызын Қытайда тұратын өз қандастарымыз, яғни қазақ жігіттері жар еткен. Осы уақыт ішінде, яғни алты жылда этникалық қытайлармен некеге тұрғанздар саны – небәрі 34”, – деп жазады Абаев.

Сондай-ақ, министр Қытаймен құдаласқан қазақ жігіттерінің бар екенін де айтады. Әрі олардың саны да біршама: 277 ер адам. Соның ішінде 244-і – Қытайда тұратын қазақ қыздарымен бас құраған қазақ жігіттері екен.

Оқи отырыңыз:

Онсыз да сабағы көп оқушыларға тағы бір жаңа пән қосылмақ

Сатушы менеджер дәретханаға барған клиент қызды жасырын бейнетаспаға түсіріп алған

Мұғалім қазақстандық мектептерді тозаққа теңеп, ондағы былықтарды ашық баяндады

Ер адам туған бауырының жасаған қылмысы үшін 10 жыл бойы түрмеде отырған

Талқылау