Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Қазақстанда ажырасқандардың саны артып, отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі өршіп тұр

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева есептік кездесуінде отбасы және балалар институттарының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Балаеваның айтуынша, жыл сайын ажырасатын отбасылардың саны артуда. Бұл адамдардың рухани құндылығының төмендеуінің нәтижесі дейді ол.

"Өкінішке орай, қазіргі қоғамның дамуымен қатар, отбасының құндылық бағыттары өзгеріп жатқанын мойындауымыз керек. Ажырасу санының көбеюі ел үшін үлкен проблема болып табылады. Егер 2017 жылы 55 мың ажырасу тіркелсе, 2019 жылы бұл 60 мыңға жеткен", - дейді Балаева. 

Сонымен бірге, ол ажырасқандардың саны атаулы әлеуметтік көмек алу кезінде күрт өскенін жеткізді. Министр қазіргі уақытта қоғамда болып жатқан кез келген өзгерістер отбасына теріс әсер етуі мүмкін екенін айтты. Карантин кезінде отбасылық зорлық зомбылық мәселелері де күшейгенін жеткізді ол. 

"Шыны керек қазіргі таңда отбасылық зорлы-зомбылық мәселесі өршіп тұр. Пандемия кезінде статистика 20-25 пайызға өсті. Бұл сұрақтың маңыздылығын ескере отырып, нақты шешімдер қабылданды. Қазіргі таңда кризистік орталықтар жұмыс жасауда. Толығымен жоямыз деп айта алмаймыз, бірақ зорлық-зомбылықты азайту үшін күш салудамыз", - дейді Балаева. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Маусым, 2020 11:31
Талқылау