Министр “Қалаулым” бағдарламасына қатысты түсініктеме берді
“Еуразия” бірінші арнасынан көрсетілетін “Қалаулым” бағдарламасы бойынша тексеріс әлі де жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
“Қалаулым” бағдарламасы бойынша тексеріс әлі жүріп жатыр. Бұған қатысты арнайы жауап береміз, дайындап жатырмыз. Бір шешімін табамыз деп ойлаймын”, — деп жауап берді министр.
Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында танымал блогер Айгүл Орынбек ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтан “Қалаулым” бағдарламасын жаабуды сұраған болатын. Министр мырза атышулы ток-шоу жайында алғаш рет естігенін және оның мазмұнын тексеруге уәде берген еді.
Қазіргі таңда “Қалаулым” бағдарламасы “Еуразия” бірінші арнасынан әлі де көрсетіледі.
Тағы оқыңыз:
Депутат: Автобус жүргізушілерінің денсаулығын тексеру керек
Қазақстанда биыл жанармай тапшылығы болмайды
Ақтөбеде мектеп оқушыларына бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтін беруі мүмкін
Ақтөбеде автобус өртінен көз жұмған 52 өзбек азаматы жер қойнына тапсырылды (фото)