Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде тұрғын үй бағасы төмендей ме? Министр болжам жасады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пәтерлер мен көліктер бағасының тұрақталатынына болжам жасады. Айтуынша осыған орай қазақстандық ведомство құрылыс материалдарының жаңа өндірісін ашумен айналысуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір индустрия министрлігі жылжымайтын мүлік бағаларының күрт көтерілуіне жол бермес үшін құрылыс материалдарының жаңа өндірісін ашу жұмыстарын қолға алған.

“Біз бірқатар материалдарды өндіруді жоспарлап отырмыз.Алда іске асырылуы тиіс 35 жоба бар,”- деді министр.

Сонымен қатар Қазақстанда санфаяр мен керамика шығаратын зауыт саны Республика бойынша үшеу-ақ. Ал бұл аз көрсеткіш.Сондықтан алдағы уақытта өндіріске жаңа зауыттар қосылатынын айтты.

“Біз тағы үш кәсіпорынды іске қосуды және керамикалық плиткаларға деген қажеттілігімізді 100% жабуды жоспарлап отырмыз,"- деді Бейбіт Атамқұлов.

Өндірісті іске қосудың тұрғын үй бағасының төмендеуіне септігі жөнінде министр:

“Болжамым бойынша бағалар тұрақталады.Себебі құрылыс компаниялары өзімізден шығатын өнімдерге сұранысты арттырса, инфляция импорты алынып тасталады,”- деп жауап берді.


Талқылау