Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Барлық аймақтарда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған орын саны жетпей жатыр

Барлық аймақта коронавируспен ауыратын науқастар үшін қосымша төсектер қажет. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Онлайн брифингте министр коронавирус инфекциясын емдеуге байланысты сөз қозғады. Оның айтуынша арнайы салынған ауруханалардан бөлек басқа да ауруханаларда жабдықталған төсек орындар дайындалуда. Коронавирус жұқтырғандардың саны көп, алайда орын саны шектеулі, дейді ол.

"Бұл қажеттілік міндетті болу керек, өйткені қазір бұл төсектер толы, бізде әр облыста, соның ішінде жаңа модульді ауруханалар салынған қалаларда да төсек-орынға қосымша қажеттілік бар. Қазір олар толық, біз қосымша басқа медициналық мекемелерде жаңа төсек-орындарды орналастырып жатырмыз", - деді Цой ОКҚ брифингінде.

Естеріңізге сала кетейік, елде инфекцияның 42 574 жағдайы расталған. Оның ішінде 14599 қалпына келтірілді.

Талқылау