Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Бағдат Мусин тағы бір лауазымға тағайындалды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ғарыш жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 2021 жылғы төрағасы болып сайланды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағдат27 қаңтарда Бағдат Мусин бастаған ведомство делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салалық ынтымақтастық органы - Ғарыш жөніндегі мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты.

Министрліктің мәліметінше, мәжілісте ғарышты игеру және дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша 18 өзекті мәселе қаралды. Қазақстан мәжіліске қатысушыларға Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің, геоақпараттық технологиялардың және спутниктік навигацияның деректерін қолдану негізінде экономика салаларын цифрландыру мәселелеріндегі өз тәжірибесін ұсынды.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстандағы құрастыру-сынау кешенінің базасында оптикалық және телекоммуникациялық спутниктер құру, 3 ғарыш аппаратынан тұратын орта шешімді ЖҚЗ қазақстандық спутниктік топтамасын құру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мәселесін талқылады.

Мәжіліс шеңберінде ТМД Атқарушы комитетінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин кеңестің 2021 жылға арналған төрағасы болып сайланды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Тараптар отырыстың күн тәртібі уақтылы болғанын және оның барысында қабылданған шешімдер ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ғарыш қызметі саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін кеңейтуге және арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Кеңес мәжілісі ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы ТМД конвенциясы және 2018 жылы қол қойылған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы бірлескен қызметін жүзеге асыру туралы Келісім шеңберінде өткізіледі.

Мәжіліске Қазақстан Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан және Тәжікстан Республикасынан кеңес мүшелері, ТМД Атқарушы комитетінің, Ресей СІМ және Ресей ынтымақтастық өкілдері қатысты. Армения Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының өкілдері кеңес мәжілісінде бақылаушылар ретінде қатысты. Кеңестің онлайн мәжілісіне Қазақстанның ғарыш саласы кәсіпорындарының басшылары да қатысты.

Кеңестің кезекті мәжілісін өткізу Ресей Федерациясында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр