Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Алматының экологиясы туралы айтып берді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев Алматыдағы экологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы смог

Үкімет отырысы кезінде министр Алматының экологиясына кері әсер ететін факторларды атады. 

"Алматының ластануы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жылу көздерінен, көлік құралдарынан және Алматы облысындағы қалаға іргелес жатқан газдандырылмаған жеке үйлердің шығарындылармен байланысты", - деді ол үкімет отырысында.

Министр Алматының экологиялық жағдайын жақсарту үшін 20 шара қарастырылғанын айтты.

"Олардың негізгілері - ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті газға айналдыру, қалаға іргелес жатқан жеке сектор аумақтарын газдандыру, қоғамдық көліктерді қысылған табиғи газға ауыстыру, дизельдік отынмен қоғамдық көліктерге кезең-кезеңмен тыйым салу, транзиттік көліктердің кіруі мен қозғалысын шектеу және абаттандыру. Сондай-ақ, жел режиміне зерттеулер жүргізіп, сәулет келбетін құру ережелеріне және жалпы құрылыс жоспарларына өзгерістер енгізу қажет", - деп түйіндеді Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, аталған шаралардан кейін ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 144-тен 79,5 мың тоннаға дейін - шамамен 44 пайызға азаяды. Яғни, ауаның ластану индексі (IPA) жоғары деңгейден 8-ге дейін орташа 6-ға дейін төмендейді, деп уәде берді Мирзагалиев.

Талқылау