Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мінезі жаман, ішеді, шегеді": Нұрболхан Шәріпов тұрмысқа шықпаған қыздар туралы

Нұрболхан Шәріпов жасы келсе де тұрмысқа шықпаған қыздардың басты мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The real gap бағдарламасына сілтеме жасап. 

Мінезі жаман, ішеді, шегеді: Нұрболхан Шәріпов тұрмысқа шықпаған қыздар туралыБелгілі әзілкеш қыздың тәрбиесін тілге тиек етіп, олардың не себепті тұрмысқа шықпай отырып қалатынын айтып берді. Оның пікірінше тұрмысқа шықпай жүретін нәзік жандылардың бір кемшілігі бар. Айналасындағылар сол кемшілікті байқағаннан кейін де қыз тұрмысқа шықпай қалады дейді ол.

"Демек ол қыздың бір мәселесі бар. Мүмкін қыз емес шығар, айналасындағылар біледі ғой. Мүмкін оның мінезі жаман, жүріс-тұрысы дұрыс емес, ішеді, шегеді. Сондайға келгенде қыз бала отырып қалады", - дейді Нұрболхан Шәріпов. 

Сонымен қатар, Нұрболхан Шәріпов қызды ерте тұрмысқа берген жөн деп санайды. Қыз бала үйленгенге дейін әкесінің жанында, ешқандай артық қылық көрсетпей, тынышынан тұрмысқа шығып кетсе абыройлы болады дейді ол. 

"Негізі қыз баланы әкесі үшін ерте тұрмысқа беріп тастау керек. Өйткені қыз баланың тәрбиесі қиын екенін мойындау керек. Ол бір рет жыныстық қатынасқа түсіп қойса, жарамсыз болып қалады. Бәрібір сондай түсінік қалыптасады. Ал ер адам екі, үш рет ажырасса да ештеңе емес", - дейді Нұрболхан Шәріпов.  

Талқылау