Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мінез көрсетіп тұрмасам": Жазира Байырбекованы кім ашуландырды

Жазира Байырбекованы кім ашуландырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мінез көрсетіп тұрмасам: Жазира Байырбекованы кім ашуландырды

Белгілі өнер иесінің атынан бәз біреулер жаңа парақша ашып, әншіні сарсаңға салды. Жазира Байырбекова өзі мен халықтың арасына от салған оңбағандарға қатты ашуланған. Жалған ақпарат таратқандар туралы өнер иесі ресми парақшасында жариялаған. 

"Жалған парақша ашып алып, халық пен өнер адамдарының арасына от салғыштарды Аллаға тапсырдым! Маған және менің отбасыма жамандық тілегендерді де. Енді жалған ақпарат таратып, сөзге сенгіш аңғал халықты өзімізге қарсы қойып жүретін пікірлерді өшіріп тұратын болдық", - дейді Жазира Байырбекова. 
Енді мінезін көрсетіп, өзінің қатал екенін байқатып тұруды жөн көрген өнер иесі. Жазира Байырбекова неге мұндай шешім қабылдағанын түсінірді. 

"Міне осылай мінез көрсетіп тұрмасам менің жанашырларымның, инстадостарымның көңілін түсіргісі келетіндер шығып жүр", - дейді Жазира Байырбекова. 

Талқылау