Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллионер төрт баласына ешқандай мұра қалдырмады

Forbes журналының ақпараты бойынша танымал бас аспаз Гордон Рамзидің байлығы 140 миллион доллар. Бұл ақшаға оның бірнеше ұрпағы еркін өмір сүре алады. Бірақ, миллионер ұрпақтарының бұл ақшаны пайдаланбайтынын айтқан.

rams-110417-1

Бұл туралы Telegraph хабарлайды.

15 жастағы Матильда, 17 жастағы Джек пен Холли, 18 жастағы Меган әкелерінің қатал тәртібімен өмір сүре алады. Олар тек бір жағдайда әке қаражатын жұмсай алады екен.

sting23062014-2

“Менің оларға мұра қалдырмауым оларға пайдасын тигізеді. Тек аналарының әсерімен бір нәрсеге ғана келістім – пәтер сатып алу үшін 25 пайыздық депозит ұсынуға ғана. Бірақ, олар үшін пәтердің құнын толықтай төлеп бермеймін”, – дейді ол.

rams-110417-zahod

Отбасы болып бір жаққа демалысқа ұшқанда да балалар ата-анасымен бизнес-класта отырмайды екен. “Олар әлі бұған лайықты емес” дейді Гордон.

rams-110417-2

Бұрын дәл осындай ұстанымда екенін Стинг те жария еткен. Кедей отбасында өскен әртіс, балаларының еңбектеніп ақша табулары керектігін айтыпты.

Сондай-ақ, әйгілі Билл Гейтс те өз ақшасын қайырымдылық қорына жұмсаған. Ол әйелімен біріге отырып The Bill & Melinda Gates Foundation қорын құрған.

Талқылау