Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллионер панасыздарға құны 150 мың доллардан асатын қымбат пәтерін бере салмақ

48 жастағы британдық миллионер Марко Робинсон үйсіздерге құны 150 мың доллардан асатын Ланкашир графтығына қарасты Престон қаласындағы пәтерін бере салмақ.

1426255469_1

Бұл туралы Digital Journal хабарлайды. Бизнесмен кезінде өзінің де бас сауғалағанын және оған жұрттардың көмек көрсеткенін айтып, ағынан жарылды. Ол сол кездегі борышын осылайша қайтармақ ниетте. Енді миллионер Channel 14 арнасымен бірге ортақ жобасын ұсынады. Бұл жоба бойынша панасыз жүрген бір адам немесе бір отбасы таңдалып, жиһазы бар үйге ие болмақ.

Робинсон бұл үйдің барлық шығын-салығын өз мойнына алатынын да айтып отыр. Британдықтың әлем бойынша жүздеген пәтері мен үйі бар. Өзінің бұл әрекетімен ол біреудің өмірін жақсы жаққа өзгерте аламын деп сенеді. «Мен кезінде маған көмек берген адамдар сияқты мұқтаж жандарға жәрдем бергім келеді. Әрбір адам бақытты жағдайға ие болуға құқылы», – дейді Робинсон.

Жіберіп алмаңыз:

Жапонияда самурайлардың өз-өзіне қол жұмсау рәсімі қалай өткен? (фото)

19 млн жігітпен төсектес болуға уәде еткен модель 400 азаматтан кейін шаршап қалған (фото)

АҚШ-та мұғалімі дәретханаға жібермей қойған оқушыға миллион доллар төленді

Талқылау