Миллионер Қайрат Құдайберген: Елдің жағдайын көзбен көру үшін аптасына бір рет автобуспен жүрем
Жақын күндері Алматы тұрғыны желідегі парақшасында қазақстандық миллионер Қайрат Құдайбергенмен бірге бір автобуспен келгенін айтып таңғалғанын жазған.
«Иә, иә, осындай да болады екен. Таңертең жұмысқа асығып бара жатқан соң әкемнің көлігімен әл-Фараби көшесіне дейін жетіп алдым да, әрі қарай нөмірі 63-автобусқа отырдым. Бір кезде Қайрат Құдайберген автобусқа кіріп келе жатқанын көрдім. Бастапқыда соған ұқсайтын біреу шығар дедім. Кейіннен сол екенін анық көзім жетті. Бұл деген өзгелерге керемет үлгі», – деп жазады бойжеткен.
ZTB.kz тілшісі кәсіпкерге хабарласып, аз-кем тілдесті.
«Иә, автобуспен барған шынында да мен. Елдің жағдайын өз көзіммен көру үшін аптасына бір рет қоғамдық көлікпен жүрем. Тұрғындардың қандай мәселесі бар екенін көрем. Бұл өткеніңді еске түсіреді», – дейді Қайрат Құдайберен.
Қайрат Құдайберген қарапайым ауылдан шыққан табысты кәсіпкер. Ол бүгінде «Q3 Worldwide» холдингінің басшысы. Үнемі қайырымдылықпен айналысып жүреді.
Жақын күндері кәсіпкер Ақтөбеде су тасқынына зардап шеккен отбасыға пәтер сыйға тартқан болатын. Мешіт құрылысы мен науқас балалардың еміне қаржы бөлген. Сонымен қатар Алматыдағы зообақтың қарызын жауып берген еді. Бұдан өзге де атқарған қайырымды істері көп.
Тағы да оқыңыз:
Шымкент мамандары ауыр хәлде жатқан науқасқа дәрігер жіберуге тағы да тапсырыс берген
Жасөспірім достарының көңілін көтеру үшін қаңғыбасты ұрып өлтірді (видео)
Бақтияр Артаев: Головкиннің соңғы жекпе-жегінде тең түскеніне қуанамын