Миллиондаған гендік түрлендірілген масалар босатылады: Экобелсенділер қарсы

Флорида билігі қоршаған ортаға 750 миллион гендік модификацияланған масалардың шығуына рұқсат берді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тәжірибенің мақсаты - денге безгегі, чикунгунья вирусы, сары безгек, Зика вирусы және басқа аурулардың қоздырғышы болып табылатын зиянды жәндіктердің санын азайту.

Экобелсенділер алдын-ала болжанбайтын салдарлар, экожүйелер үшін ықтимал залал және  инсектицидтерге қарсы тұра алмайтын мутантты масалардың пайда болуы туралы айтты. 

Ал жобаны жүзеге асыратын компания адамдар мен табиғатқа келетін зиянды жоққа шығарды және мемлекет қаржыландыратын зерттеулердің тізімін ұсынды.

Масаларды шығару пилоттық жобасы 2021 жылы Флорида-Киз архипелагында басталып, екі жылға созылады.

Неге тек масаның еркектері?

Осы жылдың мамыр айында Федералды қоршаған ортаны қорғау агенттігі Oxitec британдық компаниясына OX5034 деп аталатын генетикалық түрлендірілген Aedes aegypti масаларының  ерлер тобын құруға рұқсат берді.

Адамдарды тек жұмыртқа салу үшін қан қажет ететін ұрғашы масалар тістейді. Жоспар бойынша Aedes aegypti аналықтарымен байланысатын гендік модификацияланған еркектер қалыптастырылады.

Бұл еркек масалардың ағзаларында ерекше ақуыз бар, сондықтан олардан туған барлық ұрғашылар жетілмей жатып өледі. Еркектері тірі қалады және аналықтар үшін өлімге әкелетін генді келесі масаларға береді.

Нәтижесінде Aedes aegypti масаларының саны азайып, сонымен бірге олардың жұқпалы ауруларға шалдығуы мүмкіндігі төмендейді.

Осы аптада Флорида-Киз архипелагының масаларды бақылау басқармасы жоспарды бекітті.

Мутантты жәндіктер қауіпті ме?

240 мыңға жуық адам "мутантты жәндіктердің сынақ полигонына" қарсы онлайн-петицияға қол қойды.

"Генетикалық түрлендірілген масаларды шығару қажеттіліктен туындамаған, ол Флорида тұрғындары, қоршаған орта және пандемия кезінде жойылып кету қаупі төнген түрлер үшін қауіп төндіреді", - делінген "Жердің достары" экологиялық ұйымының мәлімдемесінде.

Oxitec веб-сайтында компанияның бұрын Бразилияда сынақтар өткізіп, оң нәтиже бергені туралы жазылған.

"Соңғы бірнеше жылда біз миллиардқа жуық масаларымызды шығардық. Табиғат пен адамға қауіп жоқ", - деді Oxitec ғалымдарының бірі Associated Press агенттігіне.

Компания осындай операцияны 2021 жылы Техаста жүзеге асырмақшы. Федералдық деңгейде рұқсат алынды, бірақ штат билігі әлі де қарастыруда.

Aedes aegypti масалары Флорида оңтүстігінде белсенді түрде таралған. Олар көбінесе тұрақты су қоймалары бар қалалық жерлерде кездеседі.  Кейбір жерлерде, соның ішінде аралдарда, олар пестицидтерге иммунитетті

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр