Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Миллион теңге төледім": Артур Давлетьяров қызының перзентханасына қанша теңге жұмсағанын жасырмады

Танымал әнші Артур Давлетьяров екінші рет әке атанып, қызды болды. Сәбиі мен әйелінің денсаулығына алаңдаған жұлдызды әке перзентханаға қомақты қаржы төлегенін “Ревю” бағдарламасында айтып берді. 

Фото: https://www.instagram.com/artur_davletyarov/

Өнер иесі қызының есімін Аиша деп қойды. Әнші қуанышты жаңалықты Меккеде жүргенде естіген. 

“Меккеде қағбаның алдында тұрып, дұға тілеп едім. Әйелім “бір-екі күнде туып қаламын” деп айтты. Оған барынша мені күтуге тырыс дедім. Негізі 28-і босануы керек болған. Сол себепті үлгеремін деп ойлағанмын. Мен ұшаққа отырғанда перзентханаға кетіп бара жатқанын айтты. Мен сегіз сағат бойы ұшақта есім шықты. Уайымдап, ұйықтай алмадым. Ұшақ қонған бойда хабарласып, қызды болғанымды білдім", – деді әнші. 



Өнер иесі келіншегі мен қызының бар жағдайын жасап, Алматыдағы беделді перзентханалардың біріне орналастырған. Айтуынша, қызы мерзімінен бұрын, дүние есігін ашуға асыққан.

"Қазір неше түрлі жағдайларды оқып, естіп жүрміз. Менің тапқан табысымның денін отбасыма жұмсаймын. Екеуі арнайы палатада болды. Қызымның денсаулығын уайымдадым. Қызым 7 айлық болып дүниеге келді. Отбасың үшін істейсің. Солар үшін ақша тауып жатырмыз ғой. Перзентханаға миллион теңге кетті", – деді Артур 

 

Талқылау