Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Миллион ақша салса да, елене алмай жүр": Гүлзира Айдарбекова танымалдыққа қатысты пікір білдірді

Арт-продюсер Гүлзира Айдарбекова балаларын танымал болу үшін қандай кезеңдерден өткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Өнер иесі балаларынан бөлек, немерелері де ел ықыласына бөленіп жүргенін жасырмады. 

“Осылар туғаннан бастап, бүкіл елге танымал болуына ықпал еткенім рас. Бірінші, Алланың берген бағы болса, екіншісі инемен құдық қазғандай етіп, кірпішінен бастап, өзім қалап едім. Өзімнің еңбегім екенін бүкіл ел біледі. 20 жылдан бері тұлабойым, тұңғышым Қайрошты сіздерге танымал болуға себепкер болдым. Мейлі, ел адамы болып сайлану үшін де, бизнесін дөңгелетіп кетуі үшін де алдымен танымалдылық ауадай қажет. Сол үшін күресіп жүрген, ізденіп жүрген қаншама адам бар”, – деді продюсер.



Одан кейін танымал болу үшін алдымен еңбекқор болу керегін де атап өтті.

“Бірі қаншама миллион теңге ақша салса да елене алмай, біреулері адал еңбектерімен-ақ танымалдылыққа ие. “Алланың берген бағымен таласпа” дейміз, сонда да болса "Алма піс, аузыма түс” деп отыра беруге болмайды. Алға қойған мақсатың мен жүректегі адал қасиетің, шыншылдығың, қара тер еңбегің сені жетелеп ұзаққа алып барады. Иә, ұрпағымыздың қай-қайсысына болмасын өмірлік нанын қолдарына ұстата алдым деп ойлаймын. Алдымен, ол – танымалдылық. Әрі қарай бақ өз қолдарында болды. Өміріміздің жалғасы ұрпағымыз, абыройлы аттары айға ұшқан саналы, көркем мінезді азаматтары болып елдің сүйіктісіне айнала берсін!" – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Еске салайық, Қытай билігі Қайрат Нұртасқа кейбір әндерін орындауға рұқсат бермегенін жазған едік.

Талқылау