Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллиардер қуырылған тауық пен сыра ішуге барып, мейрамханадағы барлық қонақтың есебін төлеген

Фото: edition.cnn.com

30 қазанда әлемге әйгілі үш технология алпауыты Сеулдегі қуырылған тауық етін ұсынатын танымал Kkanbu Chicken мейрамханасына кіріп, барлық қонақтардың есебін төлеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еdition.cnn.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл үштік әлемдегі ең қымбат компания Nvidia-ның бас директоры Дженсен Хуан, Samsung Electronics директорлар кеңесінің төрағасы Ли Чжэ Ен және Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы төрағасы Чон Ый Сун еді.

Кореяда қуырылған тауық пен салқын сыраның үйлесімі "чимэк" деп аталады және елге келген әрбір қонақ міндетті түрде дәмін татып көреді. Үш миллиардер де Корея астанасындағы осы тағаммен танымал мейрамханада, алдағы АТЭС саммиті қарсаңында, достық дастарханнан дәм татты.

Дженсен Хуан мейрамханаға кірер алдында тікелей эфир кезінде "Мен достарыммен бірге қуырылған тауық пен сыраны жақсы көремін. Kkanbu соған таптырмас орын, солай емес пе? дейді.

Айта кетейік, "Kkanbu" сөзі корей тілінде өте жақын дос деген мағынаны да білдіреді.

Жергілікті БАҚ-тың дерегінше, олар ірімшік шариктерін, ірімшік таяқшаларын, сүйексіз қуырылған тауық пен дәстүрлі қуырылған тауық етін жеп, оны "Терра" маркалы корей сырасымен және күріштен дайындалған соджу ішімдігімен ішкен.

Кейін олар сыртқа шығып, жиналған жұртқа тауық пен ірімшіктен дайындалған таяқшалар ұсынды.

Мейрамханада отырғандар Хуанның қолтаңбасын алып, суретке түсті. Куәгерлердің айтуынша, ол "алтын қоңырауды" шалып, яғни барлығы үшін есеп төлейтінін білдірген. Дегенмен, Yonhap агенттігі нақты есепті **Samsung** басшысы Ли Чжэ Ён төлегенін, ал Hyundai төрағасы Чон Ый Сун қосымша тапсырысты өзі жапқанын хабарлады.

Бұл кездесу АТЭС саммиті қарсаңында өтті. Қазіргі таңда АҚШ пен Қытай жасанды интеллектке арналған жоғары технологиялы чиптерге қол жеткізу мәселесін талқылап жатыр.

Келесі күні, саммит аясында, Дженсен Хуан Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мёнмен кездесіп, Nvidia компаниясы елдің ірі технологиялық кәсіпорындарына, соның ішінде Samsung, Hyundai, Naver және SK компанияларына 260 мыңнан астам графикалық процессор жеткізетінін мәлімдеді.

Президент әкімшілігінің дерегінше, Хуан бұл серіктестік аясында жасанды интеллектке негізделген автономды көлік жүйелерін және "физикалық ЖИ" саласын дамытуға үлес қосатынын атап өтті.

"Жыл сайын 100 пәтер бермек": Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсен Алагөзовтің мәрттігін айтып, мақтанды

Еске салайық, бұған дейін танымал продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсен Алагөзов өзінің "Galanz Bottlers" атты компаниясында қызмет еткендерге пәтер кілтін табыстады. Тұрсен Алагөзов бұл идея 2024 жылы келгенін айтты. Алайда сәті биыл түскен көрінеді. 

Айым Атамбаева
Сенбі, 01 Қараша, 2025 19:53
Талқылау