Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төсегіміз тесілсе де жаңасын алғысы келмеді": Миллиардер Илон Масктың кедейлікте өмір сүруден қашпайтыны белгілі болды

SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск байлыққа қызықпағаны сонша, кедейшілік өмірден мүлдем арылғысы келмеген. Бұл туралы Vanity Fair басылымына миллиардер 2018 жылдан бері кездесіп жүрген әнші Граймс айтып берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Граймстің айтуынша, олар Лос-Анджелесте тұрған уақытта Маск ескі төсек орны тесіліп қалғанына қарамастан, жаңасын сатып алғысы келмеген. Оның орнына ол қызға өзінің төсек орнын әкеліп, соған ұйықтауды ұсынған.

Тіпті әншінің миллиардерге: "Біз мүмкін бағасы 40 мың доллар болатын мынадай қауіпті үйде тұра бермейтін болармыз? Көршілеріміз бізді бейнежазбаға жазып алатын секілді. Және мен қатарынан сегізінші күн жержаңғақ майын жей беремін бе?" – деуіне тура келгенін жасырмаған (Лос-Анджелестегі үйдің орташа құны Zillow дерегі бойынша, 900 мың доллардан асады – 471 млн теңге шамасында).



Илон Маск әлемдегі ең бай адамдардың бірі болып саналады. Оның байлығы 2021 жылдың 4 қарашасында Tesla акциялары рекордтық деңгейге көтерілген кезде шарықтады. Масктан бөлек 200 миллиард доллар қаражат жинау қолынан келген жалғыз адам – Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос.

Айта кетейік, Граймс пен Маск 2021 жылдың қарашасында ажырасуға шешім қабылдады. Олардың екі баласы бар: ұлы X Æ A-XII, 2020 жылы туған және қызы Экса Дарк Сайдириэль, 2021 жылдың соңында дүниеге келген. 

Ақберен Амангелді
Жұма, 11 Наурыз, 2022 17:04
Талқылау