Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миы өліп қалған: Комаға түскен әйел дені сау баланы өмірге әкелді

Чехияда комаға түскен әйел дені сау баланы өмірге әкелді.

Миы өліп қалған: Чехияда комаға түскен әйел дені сау баланы өмірге әкелді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі dw.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

27 жастағы әйелдің жүктілігінің 16-аптасында миына қан құйылып, салдарынан комаға түскен. Жедел жәрдем көлігінде әйелдің жағдайы нашарлап кетіп, ауруханада дәрігерлер оның бас миының қызметі тоқтағанын тіркепті.

Дәрігерлер үш ай көлемінде әйелдің организмін қолдап, нәрестенің аман-есен өмірге келуіне жағдай жасаған. Нәтижесінде кесір тілігі жасалып, дені сау қыз бала дүниеге келді. 

Жаңа туған нәрестенің салмағы 2,1 келіні құраған. Қазіргі уақытта ол әкесінің жанында. Клиникадағылар бұл оқиғаны «таңғажайып жағдай» деп атады. 
Ал әйелді босандырғаннан кейін, оған қосылған аппараттар өшірілді. 

2016 жылдың қаңтар айында дәл осы клиникада жол апатынан кейін комаға түскен жүкті әйел ұл баланы өмірге әкелген. Артынша ол есін жиыпты.

Талқылау