Михаил Шайдоров Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовті қазақ тілінде құттықтады

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Паралимпиада ойындарында топ жарған, Ербол Хамитовті құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Михаил өзінің инстаграм парақшасында құттықтап, лебізін білдірді.
“Ербол алтын жүлдеңмен құттықтаймын!”, – Михаил Шайдоров.
Айта кетейік, Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан паралимпиада ойындарында биатлон спортынан топ жарып, Қазақстанға тарихи жүлде сыйлады.
Осылайша ол Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында алтын медаль алған алғашқы спортшы атанды.
Михаил Шайдоров Илья Малининмен бірге ISU сыйлығына ұсынылды
Ербол Хамитов бұған дейін 1500 қашықтықта қола жүлдеге ие болған.
Ал Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарында алтыннан алқа таққан.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан