Михаил Ломтадзе тағы да Қазақстандағы үздік басшы атанды
Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі және басшысы Михаил Ломтадзе PricewaterhouseCoopers (PwC) халықаралық жетекші консалтинг компаниясы өткізген СЕО Survey 2021 сауалнамасының нәтижесі бойынша Қазақстандағы үздік басшы атанды. Михаил Ломтадзе осымен үшінші рет қатарынан үздік атанып отыр.
"Біздің жұмысымызды бағалағандардың барлығына және зерттеуді жасаған PwC компаниясына алғыс айтамын. Бұл сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартып, инновациялық сервистер жасап жүрген біздің тамаша командамызды кезекті мойындау. Өткен жылы біз Kaspi.kz-тің табысты IPO-сын өткізіп, Қазақстанды әлемдік инновация картасына қостық және халықаралық инвесторлар алдында еліміздің тартымдылығын айтарлықтай арттырдық. Біз өз тарапымыздан сүйікті клиенттерімізді ары қарай да әлемдік деңгейдегі инновациялық қызметтермен таңғалдыра беруге уәде береміз", - дейді Михаил Ломтадзе.
Зерттеуге экономиканың түрлі секторындағы қазақстандық компаниялардың 71 басшысы қатысқан. Респонденттер Kaspi.kz-тің ІРО-ға табысты шығуы мен комнаданың кәсібилігі, компанияның технологияға бейімділігі мен Kaspi.kz басшысының стратегиялық көрегендігін атап өткен.
PwC аталған зерттеуді бүкіл әлем бойынша 24 жыл бойы және соңғы 9 жылда Қазақстанда өткізіп келеді. Сауалнаманың басты мақсаты — басшылардың жаһандық және ұлттық экономикадағы жағдайды бағалап, түрлі қатерлер мен бизнесті дамыту туралы пікірін білу.
Зерттеудің толық нұсқасымен PwС сайтында танысуға болады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн