Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасының екінші кезеңінде сүрінді

Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Михаил Кукушкин Токиодағы жорығын аяқтады. Ол екінші айналымда жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол АТР рейтингінде 66-шы орында тұрған Беларусь спортшысы Илья Ивашкомен кездескен болатын. 

Екеуара матч 2 сағат 25 минутқа созылып, Кукушкин 1:2 есебімен қарсыласқа есе жіберді. 

Илья Ивашко қазақстандық Михаил Кукушкинді 6:7, 6:3, 6:3 есебімен ұтты. 
Осылайша, теннистен Қазақстан командасының тағы бір спортшысы Токио ойындарын мерзімінен бұрын аяқтады. 
 

Ақберен Амангелді
Сейсенбі, 27 Шілде, 2021 15:08
Талқылау