Мигранттар керісінше Оңтүстік Корея демографиясын көтеруі мүмкін – Экономист
Чикаго университетінің экономика профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Кремер жұмыс істеуге барған мигранттардың Оңтүстік Корея демографиясын көтеруі мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша бұл керісінше елдегі төмендеген туу көрсеткішін көтеруі мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасап.
Майкл Кремер дәл осы тұста Оңтүстік Кореяның бала туу көрсеткішін арттыру үшін қадамдар жасай алатынын мәлімдеді.
"Бала туу деңгейі төмен елдердің көпшілігінде еңбекке жарамды халық санын ұстап тұруда мигранттар көмектеседі. Дамыған елдерге мигранттарға рұқсат беру үлкен фискалдық және әлеуметтік жеңілдіктер тудыруы мүмкін. Мәселен сол арқылы саяси тұрғыдан негізделген және экономикалық тиімді бағдарламаларды әзірлеуге болады",- деді Майкл Кремер.
Майкл Кремер мысал ретінде Гонконг пен Сингапурды келтірді. Олар шетелдік жеке үй жұмысшылары үшін кең ауқымды арнайы визалық бағдарламаларды сәтті жүзеге асырды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн