"Между мной и тобой" хитінің орындаушысы трансгендер әйелге айналды
90-шы жылдардағы эстрада жұлдызы Оскар (шын аты - Шамиль Малкандуев) өзін Ресей шоу-бизнесіндегі алғашқы трансгендер әйел деп жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рен ТВ-ға сілтеме жасап.
Енді әнші өзін Скарлетт деп атауды сұрайды.
"13 жасымда "Унесенные ветром" атты шығарманы оқыдым, Скарлетт О'Хара мені мықты болуға және берілмеуге шабыттандырды. Мен қандай-да бір дәрежеде өзімді онымен ұқсаттым", - деді экс-Оскар-Шамиль сұхбатында.
"Шамиль мен Оскар менің өмірімнің бір бөлігі, өзімді табу үшін көптеген жылдар қажет болды", - дейді әнші.
Әнші Оскар 2000-шы жылдардың басында танымал болған, ең танымал хиттердің арасында - "Между мной и тобой", "Мажь вазелином" және "Бег по острию ножа" атты әндері бар.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”