"Қонақтар айғайлап, қашты": Түркістан облысында той кезінде отшашудан өрт шықты (видео)

Видеодан скрин
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында үйлену тойы кезінде мейрамханада өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 30 қараша кешке Майлыошақ ауылындағы ресторандардың бірінде болған.
Әлеуметтік желілерде тойхананың жанып жатқан төбесі түсірілген видео тарады. Өрт үйлену тойы өтіп жатқан сәтте, қонақтар мен той иелерінің көз алдында болған. Видеода адамдар мен жас жұбайлардың айқайлап, залдан жүгіріп шыққаны көрінеді.
Той кезінде мейрамхананың төбесі өртке оранған. Қонақтар мен жас жұбайлар дер кезінде ғимараттан шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына бірнеше минутта жеткен.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, өрт шамамен 30 шаршы метр аумақты зақымдаған.
“Алдын-ала болжам бойынша, ғимарат ішіндегі отшашу кезінде электр сымдары қызып тұтанған. Салдарынан ғимаратта өрт шыққан. Тексеру барысында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны анықталды”, – делінген хабарламада.
Мекеме иесі өз кінәсін мойындады. Оған әкімшілік айыппұл салынды. Мейрамхана уақытша жабық.
Еске салсақ, осыған дейін Шымкенте мерекеде атылған отшашудан өрт шыққанын жазғанбыз.
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді