Мейрамханадағы өрт: Екі адам күйік алды
Нұр-Сұлтанда «Мельница» мейрамханасынан шыққан өрт сөндіріліп бітті. Салдарынан екі адам күйік алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 15:12-де барғанда мекеменің бір бөлігі жанып жатқан. Тілсіз жауды ауыздықтауға 30 маман және 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Жалын 17:18-де сөндіріліп бітті. Өрт 200 шаршы метр аумақты қамтыған», – делінген хабарламада.
Өрттен күйік алған екі адам медициналық көмекке жүгінген.
Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында «Мельница» мейрамханасынан сағат 15: 09-да өрт шыққандығы хабарланған болатын.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”