Мейрамханада төбелесіп, желіні шулатқан шенеуніктер қызметтен қуылды
Жаңа жылдық кеште жаға жыртысқан шенеуніктер жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Алматы облысы Жамбыл ауданының cәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы мен мәдениет үйінің қызметкері жылы орнынан айырылды. Ал аудан әкімінің орынбасары Алмас Әбдібаев қызметтік тексеріс аяқталғанша, уақытша жұмысынан шеттетілген.
Олар 25 желтоқсанда Ұзынағаштағы мейрамханалардың бірінде болған банкетте өзара қырқысқан. Әлеуметтік желіге таралған видеода әкімдік қызметкерлерінің бір-біріне үстел лақтырып, мейрамхананың ішін астаң-кестең қылғаны анық көрінеді.
Бір жарым ай бұрын ғана жаңа лауазымға тағайындалған әкім орынбасары мен бөлім маманы мәдениет үйінің қызметкерін жабылып сабаған. Десе де, қызуқанды шенеунік мейрамханаға келген шығынды өтеп беріпті. Соған қарамастан, тентектік жасаған әкімдік қызметкерлері сот алдында жауап береді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
