Мейрамбек Бесбаев өзі жатқан бесікті Рахман Омардың ұлына сыйға тартты
Таяуда ұлды болған тележүргізуші әрі актер Рахман Омар перзентін Мейрамбек Бесбаевтың құрметіне атаған еді. Ел жақсы көретін азаматқа ұқсасын деген ниетпен осындай қадамға барған актер мұнымен тоқтап қалмаған. Ол Мейрамбек пен оның жары Мархабатты баласына “өкіл әке-шеше” етіп сайлаған көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Мейрамбек Бесбаев бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасыа сұхбат берді.
“Рахман ырымдап перзентханадан шыққан кезде “сен алып шықшы баланы, сенің көлігіңе отырсыншы” деді. Ырымшыл қазақпыз ғой өзі. Сендей болсын деп Рахман шын ниетімен елпілдеп жүрді. Содан кейін ол ұсынысын қабыл алып жүргенмін. Үйге келгеннен кейін “Атын да неге Мейрамбек деп қоймасқа?” деп айтты. Аяқ астынан Мейрамбек болды. Осымен бітті екен деп отырсақ, Мархабат екеумізді “кіндік әке, кіндік шеше” сайлап жіберді. Үлкен қуанышта болдық. Ол отбасы да өнерлі отбасы ғой. Ақмарал да актриса, театрда істейді”, – дейді ол.
Мұндайды күтпеген Бесбаев өзіне көрсетілген құрметке лайықты түрде жауап беруді жөн деп тапқан. Ол Рахман Омардың ұлына өзі жатқан бесікті уақытша сыйға тартқан.
“Ақыры мендей болсын деп жатырсыңдар, менен асып кетсін дедім да, өзім жатқан бесікті уақытша бере тұрдым. Ең болмаса бір-екі рет жатсын деп… Құдай қаласа, менен асып кетсін, сол бесіктен жаман болған жоқпыз. Құдай қаласа, сол жігіттің де жақсылығын көрейік. Ғұмыр жасы ұзақ болсын”, – деп түсіндірді әнші.
Тағы оқыңыз:
Қысқа кисең ұятсыз, ұзын кисең ваxабиссің: Айнұр Тұрсынбаева көпшілікке ренішін жеткізді
Баян Алагөзова қызының тұрмысқа шыққалы жатқанына орай той қонақтарының тізімін жасап жатыр
Ерекше ұсыныс жасады: Айсәуле Бақытбек тұрмысқа шыққалы жатыр
Жанар Айжанованың қызы бетін адам танымастай етіп бояп жұртты шошытты (видео)