Мейрамбек Бесбаев бала күнгі ғашығымен ара-қатынасы жайлы бар шындықты айтты
Мейрамбек Бесбаев “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасына қатысып, шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті. Өткенге шолу жасаған әнші өзін актерлік қырынан танытқан алғашқы фильмді еске алды. Оған себеп – эфирге хабарласқан көрерменнің бірі “Алғашқы махаббат” фильмінде басты рөлді сомдаған актриса жайлы сұрады. Мейрамбек Бесбаев кино әлеміне бірге қадам басқан актрисамен ара-қатынасы жайлы әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz.
“Ол фильм 1991 жылы шыққан. Ол кезде мен 15 жасар баламын. Ол Назира Бақаева деген актриса қызымыз, менен 3 жас үлкен. Өкінішке қарай, сол кинодан кейін көрген жоқпын. Студент болдық, есейдік. Әркім әртүрлі өзінің өмірлік жолымен кетті. Мүлдем кездескен жоқпыз. Бірақ бір рет іздеп көрдім. Өйткені клип түсіргім келді, бала кездегі бейнені алып, Туғанбайдың рөлінде ойнаған Есдәулеттерді тауып жасағым келіп еді. Таба алмадым, өкінішке қарай. Бірақ қазір Instagram деген әдемі дүние бар, сол арқылы Назираны тауып алдым. Қазір бір-бірімізді оқимыз, бірақ әлі кездескен жоқпыз. Оның жарын да танимын, сіздер де өте жақсы білесіздер. Ол бізге белгілі кинорежиссер – Ақан Сатаев”, – деп ағынан жарылды Мейрамбек.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек Бесбаев Ғаділбек сұраған әнді не себепті бермей қойғанын түсіндірді
Қайрат пен Жұлдыздың тойынан: Әншінің анасы тәтті естеліктерімен бөлісті (фото)
Отандық жобаға қатысқан Қайрат Түнтеков көрерменмен жылап қауышты (видео)