Мейрамбек Бесбаев бала күнгі досының ел білмейтін қырларын жария етті
Бір ұстаздың тәрбиесін көріп, жастайынан бірге өскен Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков бүгінде қазақ эстрадасындағы орны бөлек дара әншілерге айналды. Алғаш танысқан сәттен бастап-ақ олардың жұбы жазылған емес. Балалық шақтары, ұмытылмас студенттік кездері бірге өтті. Мейрамбек Бесбаев алғаш рет бала күнгі досының ел біле бермейтін қасиеттерін жария етті.
Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.
«Тоқтардың ең бір жақсы қасиеті – оның есте сақтау қабілетінің күштілігінде. Онысына әлі күнге дейін таңғаламын. «Әлгі жігіт қой, әлгі кісі ғой, есіңде ма?» деп бәрін танып жүреді. Жалпы Тоқтардың таңғалатын қасиеттері көп. Ақындығы бір бөлек. Табан астында ойдан құрастыратыны бар. Сосын аңшылық өнері бар. Екінің біріне беріле бермейтін қасиет. Қалжыңбастығы бар. Қазір көп көре бермеймін. Өйткені «қайда кетті?» деп сұрасаң «аңға кетті» дейді. Қыс болса қасқырдың, жаз болса үйректің соңынан кетеді. Кейде сағынып жатамыз. Ылғи аң жақта жүреді. Не атып жататын қайдам, әйтеуір атып жатады.
Сосын ат құмарлығы бар. «Көп аттарым бар, мықты-мықты жануарларым бар» дейді. Бірақ «Тоқтардың аты келіпті» дегенді өзім естіген емеспін. Өзі де өнерде, аламан бәйгеде шауып жүр ғой. Енді аттары келсе екен. Соны тілеймін», – деп қалжыңмен аяқтады сөзін Мейрамбек Бесбаев.
Жіберіп алмаңыз:
Саят Медеуов Мейрамбек пен Тоқтардың 18 жасын тойлау үшін түнімен ақша іздеген
Бүркіт пен Айшаға өздерінің есімі жазылған ұшақ тарту етілді (фото)
«Қоңыр» тобының әншісі тұрмысқа шықты
Қазақша ән шырқаған Киркоров КВН финалында біздің командаға көмектесті (видео)