Бүркіт пен Айшаға өздерінің есімі жазылған ұшақ тарту етілді (фото)
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жұлдызды жұп Бүркіт пен Айшаға өздерінің есімі жазылған ұшақ сыйланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Мұндай қымбат сыйлықтың суретімен Бүркіт желідегі парақшасында бөлісті.
«Мәссаған!» – деп жазды таңырқаған әнші.
Алайда Бүркіт мұндай бағалы сыйлықты кімнің тарту еткенін жария еткен жоқ.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпты құттықтап, мұндай сыйға Бүркіт пен Айшаның әбден лайық екендерін айтты.
«Жеке ұшақ па? Күшті ғой», «Керемет аға, сіздер одан да жақсысына лайықтысыздар», «Құтты болсын», «Енді жеке ұшағыңыз бар, құттықтаймыз», «Керемет жақсылық қой, әр қазақтың басы сіздердей болсын», – деп жазды желі оқырмандары.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды