AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" компаниясына басшылыққа келді

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып Мейірхат Қасымбаев тағайындалды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды", – делінген хабарламада.

Мейірхат Қасымбаев 1980 жылы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Заңгер және қаржыгер мамандығын алды. Ол Лондон экономика және саясаттану мектебінде мемлекеттік басқару курстарынан өтті, сонымен қатар Сингапурда біліктілігін арттырды.

МИИР мәліметі бойынша, Қасымбаев 11 жыл құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызмет құрылымдарында түрлі лауазымдарда, сондай-ақ 10 жылдан астам жол және инфрақұрылымдық құрылыс салаларында жұмыс істеген.

Ол – ауылдан келген студенттерге қолдау көрсететін IQanat білім беру қорының қамқоршысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр